26 қазан күні Ташкент қаласында «Жаңа Орталық Азия: жаһандық трансформация кезеңіндегі қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Іс-шара Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты, Орталық Азия халықаралық институты, Әлемдік экономика және дипломатия университеті және Германияның Фридрих Эберт қорының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Конференцияға Орталық Азия, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Еуропалық Одақ елдерінің, сондай-ақ Қытай, Үндістан, Түркия, Пәкістан, Малайзия сияқты мемлекеттердің жетекші талдау орталықтарының басшылары мен сарапшылары қатысады. Шараға жалпы 25 елден 40-тан астам шетелдік делегаттар қатысады деп күтілуде.
Күн тәртібіне өңірлік ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын, қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылау, осы бағыттағы алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені талдау, Орталық Азияның қазіргі әлемдегі орнын қарастыру, сондай-ақ аймақтың мәдени-өркениеттік мұрасының екіжақты және көпжақты диалог пен сенімді нығайтудағы маңыздылығы туралы пікір алмасу орын алған.