English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте VIII Орталық Азия сарапшылар форумы бастады
11:12 / 2025-08-14

Ташкентте VIII Орталық Азия сарапшылар форумы (ОАСФ) өз жұмысын бастады.

«Орталық Азия – сенім, қауіпсіздік және тұрақты дамудың ортақ кеңістігі» деп аталған бұл беделді жиын Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының (СӨЗИ) ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Форумның серіктестері – Орталық Азияда алдын алу дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталық, Еуропалық одақтың Өзбекстандағы өкілдігі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) және Конрад Аденауэр қоры.

Дәстүр бойынша, Ташкент қаласына Орталық Азия мемлекеттерінің стратегиялық институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары мен академиялық орта өкілдері жиналды. Биыл алғаш рет Еуропалық одақ, АСЕАН, Солтүстік кеңес елдерінен танымал сарапшылар, сондай-ақ Ресей Федерациясы, АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария және Әзербайжан зерттеушілері де форумға қатысып отыр.

Форумды СӨЗИ директоры Элдор Арипов ашып, құттықтау сөзінде өңірде қазіргі уақытта орын алып жатқан оң өзгерістерге тоқталды. Ол Орталық Азия елдерінің өзара жақындасу және ынтымақтасу жолында айтарлықтай қадамдар жасағанын атап өтті.

Оның пікірінше, бүгінде аймақта мемлекетаралық әріптестіктің тұрақтылықты, қауіпсіздікті және дәйекті дамуды қамтамасыз ететін, жан-жақты теңгерімді әрі өзіндік бірегей үлгісі қалыптасқан. Жалпы айтқанда, қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде Орталық Азия әлемдік тәжірибеде сирек кездесетін, табысты өңірлік серіктестіктің жарқын үлгісі ретінде көрініп отыр.