Ташкентте ВГИК-тің филиалы ашылды
Ташкент қаласында «Жібек жолы жауһары» атты халықаралық кинофестивал аясында, С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының филиалы ашылды.
Ашылу салтанатына ӨР Премьер-Министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов, Кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухоликов, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Ольга Ярилова, ВГИК ректоры Владимир Малишев және басқа кино мамандары қатысты.

Кинематография агенттігінің хабарлауынша, филиалда студенттер «драматургия» және «кинопродюсерлік» мамандығы бойынша оқиды. ВГИК филиалы Кинематография агенттігі аумағында орналасқан болып, алдағы уақытта филиалдың қызметін одан әрі кеңейту жоспарлануда.
Осыған орай, 2022 жылы Кинематография агенттігінің ғимаратында практикалық дағдыларды шыңдау және белгілі кинорежиссерлермен байланыс орнату үшін медиа орталық ашу көзделген.