Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте велошеринг қызметі жолға қойылады
08:47 / 2021-01-14

Ташкент қаласында арнайы веложолақтар мен велошеринг қызметін іске қосу жоспарлануда.

Министрлер Кабинетінің «Көлік құралдарын жалдау мен жалға беруді, электромобильдер мен моторлы көлік құралдарын пайдалануды қолданудың, сондай-ақ велосипедте жүруді дамытуға байланысты қосымша шаралары туралы» қаулысына сәйкес Ташкент қаласында жеке велосипед жолдарын құру мен велошеринг қызметін іске қосу жоспарланған.

Қаулыға сай, велосипедшілер үшін қауіпсіз жағдай жасау, велосипед бағытының ұлттық желісін дамыту және осыған байланысты француз тәжірибесін қолдану міндеті енгізілген.

Ол үшін: 

  • велосипедтте және басқа жеке көлік құралдарында пайдалануға мүмкіндік беретін кедергісіз және қауіпсіз орта құру мен оны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктері арқылы шешу;
  • елдің туристік қалаларын, демалыс аймақтарын, қорықхана мен басқа да мәдени мұраларын байланыстыратын велосипед магистральдарының ұлттық желісін кезеңімен салу;
  • велосипедпен жүру, велосипед және жеке көлік құралдарымен адам денсаулығына пайдалы көлік түрлерін, экологиялық таза көлік құралдары ретінде танымал ету және насихаттау;
  • велосипедпен жүруге пен жеке бөлшектерін сатып алуда мемлекеттік қолдау көрсету т.б.;

Осыған байланысты, аталған қызметтің халыққа сапалы және жоғары деңгейде пайдасын қамтамасыз ету мақсатында, пайдаланушылардың ұсыныс талаптары ескерілетіндіктен ұсыныстарды "toshkent@mintrans.uz" электрондық адресіне жіберу сұралған.