Ташкент қаласында өтіп жатқан V Еуразиялық фармацевтикалық саммит аясында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің нарығына биосимилярлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Осы тақырыпқа арналған панельдік талқылау барысында Өзбекстандағы STADA компаниясының бас директоры және «Өзбекстан және Қырғызстан» кластерінің жетекшісі Бахтияр Хаджимухамедов өз пікірімен бөлісті.
Алдағы жылдары онкологиялық және эндокриндік ауруларды емдеуде қолданылатын көптеген биотехнологиялық препараттардың патент мерзімі аяқталады. Бұл олардың аналогтары – дженериктер мен биосимилярлардың нарыққа шығуына жол ашады. Атап айтқанда, биосимилярлар – бұл биотехнологиялық дәрі-дәрмектер, олар бастапқыда шығарылған түпнұсқа дәріге ұқсас және түпнұсқа препараттың патент мерзімі аяқталғаннан кейін тіркеуге ұсынылады.
Еуропада биосимилярлар нарыққа енгеніне біраз уақыт болып, қолдану аясы кеңейіп келеді. Мысалы, халқы 5,5 миллион адамды құрайтын Словакияда бұл дәрі-дәрмектер нарығының көлемі 1,8 миллиард еуроға жетсе, Болгарияда 6,5 миллион тұрғын арасында бұл көрсеткіш 2 миллиард еуродан асады.
Сарапшының айтуынша, Өзбекстан мен Қырғызстанда биопрепараттар, олар қатарында биосимилярлар нарығы айтарлықтай артта қалып отыр. Осыған орай жүргізілген зерттеу барысында өндірушілер бірнеше негізгі факторларға назар аударған: нарық сыйымдылығы, денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы, реттеу жүйесінің икемділігі және патенттік қорғаудың аяқталуы сияқты құқықтық аспектілер бар.
Баяндамашының пікірінше, биосимилярлар шектеулі денсаулық сақтау бюджеті бар елдер үшін айтарлықтай экономикалық тиімділік әкелуі мүмкін. Халқы 37 миллион, орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 74 жылды құрайтын Өзбекстанда биопрепараттарға сұраныс артуы ықтимал. Оның бірден-бір себебі, Науқастық жағдайының өсуі және емделуге деген қажеттіліктің артуы қолжетімді және сапалы биосимилярлардың қажетті екенін күшейтеді.
STADA компаниясы дәл осы бағытта дамыуды жалғастырып жақында Өзбекстанда алғашқы биосимилярға тіркеу куәлігін алды. Десе де, тіркеу куәлігін алғанға дейін өндірілген өнімді әкелуге қатысты логистикалық және реттеу жұмыстарына байланысты белгілі нюанстар бар. Осыған орай Еуропа елдерінде реттеуші рәсімдерді жеңілдету бойынша сәтті мысалдар келтіріліп, бұл биосимилярларды нарыққа тез әрі сапалы енгізуге мүмкіндік берді.
Б. Хаджимухамедов өндірушілер, реттеушілер және сала мамандарын науқастардың қажетті препараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін белсенді ынтымақтастыққа шақырды. Осыған орай STADA компаниясы медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырып, оларды биопрепараттарды пайдалануға дайындау мақсатында білім беру бағдарламаларын белсенді түрде дамытуды жоспарлап отыр.
Шара барысында, табысты келіссөздер қолданыстағы кедергілерді еңсеруге және ЕАЭО елдері нарықтарына биосимилярларды енуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға көмек беретініне сенім білдірілді.
А.Машрабханов, ӨзА.