Ташкентте TUMO креативті технологиялар орталығы ашылады.
Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі мен TUMO креативті технологиялар орталығы арасында меморандумға қол қойылды.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, TUMO креативті технологиялар орталығының делегациясы 1-4 наурыз аралығында Өзбекстанда болып, Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігімен келіссөздер өткізген және келіссөздер қорытындысына орай Ташкентте TUMO креативті технологиялар орталығы ашу туралы меморандум жасалған.

Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінде биыл 70 мың жасты еңбек нарығындағы жоғары сұранысқа ие мамандықтарға оқыту міндеті тұр. TUMO орталығының бұл жобасы жыл сайын 12-ден 18 жасқа дейінгі креативті технологиялар саласындағы 1200 жас мамандарды даярлаудың негізгі міндеттерін шешеді. Сабақтар тегін өтіледі және курста оқитын әрбір оқушыға стипендиялар берілетін болады. Алдағы уақытта 18 жастан жоғары болған жастарды да оқыту жайлы келіссөздер жүргізілуде, делінген хабарламада.
2011 жылы Арменияның Ереван қаласында құрылған TUMO орталығы бүгінгі таңда Армениядан басқа Парижде, Бейрутта, Мәскеуде, Тиранада және Берлинде жұмысын жолға қойған.бұл орталықта негізінен жастарды қазіргі әлемдік еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие графикалық дизайн, 3D модельдеу, бағдарламалау, робототехника, веб-бағдарламалау, фильм шығару сияқты 14 бағытта білім бегу жүзеге асырылады.