Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы COVID емханаларының қызметі қайта іске қосылды
17:39 / 2022-06-30

Өзбекстанда тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның кең таралуының алдын алу және оның асқынуын болдырмау мақсатында Ташкент қаласының 12 ауданында COVID-19 бойынша мамандандырылған емханалардың қызметі қайта іске қосылды.

Тәулік бойы жұмыс істейтін мекемелердің басты міндеті – ауруды бастапқы кезеңде анықтап, науқастарға дер кезінде диагноз қойып, қажетті емдеу шараларын жүргізу.

Өзбекстанда коронавирустық инфекцияның таралу динамикасына қарасақ, осы жылдың 14 маусымынан бастап халық арасында аурушаңдық деңгейі салыстырмалы түрде артып келе жатқанын байқауға болады.

Сондықтан, қазіргі уақытта ауруды ерте анықтау және қажетті емдеу шараларын дер кезінде қабылдау мақсатында республика аумағында COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген күдік бар адамдардан ПТР-тест талдаулары алынуда.

Атап айтқанда, Санитарлық-эпидемиологиялық және денсаулық сақтау қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-25 маусымында Өзбекстанда орта есеппен 5629 ПТР, барлығы 62 мыңға жуық ПТР тексеру жүргізілді.

Соңғы күндері бұл сан екі есеге жуық артып, күніне орта есеппен 10 мың азамат ПТР тест тапсыруда.