2023 жылдың 18-19 маусым күндері Ташкент қаласында Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың 30 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды.
Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметінше, мерейтойлық концерттік бағдарламаларға 6 елден – Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Түркіменстаннан жалпы 110 танымал өнерпаз мен орындаушы қатысуда.

Ташкенттегі Өзбекстан қолданбалы өнер музейінде ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына арналған суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі және түркі әлемі халықтарының ұлттық тағамдарының гастрономиялық көрмесі ұйымдастырылды.
19 маусымда ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің басшылары диалог өткізеді.

Мерейлі датаға орай «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің өнерпаздарының қатысуымен мерейтойлық концерттік бағдарлама өтеді.

Еске салар болсақ, ТҮРКСОЙ-дың 30 жылдық мерейтойы 2023 жылы 7-9 маусымда Алматыда, 12-13 маусымда Бішкекте өткен болып, 24-25 маусымда Ашхабадта және осы жылдың қазан айында Әзірбайжан мен Түркия республикаларда кеңінен аталып өтіледі.

ЎзА