Ташкентте Түркіменстан өнімдерінің көрмесі ашылады
Түркіменстан-Өзбекстан бірлескен комиссиясы мен Түркіменстан-Өзбекстан кәсіпкерлері кеңесінің отырысы аясында 15-16 шілде күндері Ташкентте «Түркіменстанда жасалған» өнімдерінің көрмесі өтеді.
Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Б.Отдаев бұл шара «Түркіменстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына» сәйкес жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру негізінде ұйымдастырылып отырғанын мәлімдеді.
Президент Сердар Бердімұхамедов Өзбекстан Республикасының Түркіменстанның жақын серіктесі екенін атап өтіп, Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Түрікменстан-Өзбекстан бірлескен комиссиясының 18-ші отырысына және Мемлекет басшыларының келесі отырысына тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырған.