Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Түркі мемлекеттері ұйымының тұңғыш «Түркі агрофорумы» өтуде
11:46 / 2022-07-04

Ташкентте Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Түркі мемлекеттері ұйымының тұңғыш «Түркі агрофорумы» өтуде.

Агрофорумға ұйымға мүше мемлекеттердің (Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Венгрия және Түркіменстан) ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін 200-ден астам ірі өндірістік компанияларының басшылары шақырылған. Бұл өз кезегінде компанияларға «В2В» кездесулері арқылы жаңа сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынастарын орнатуға қолайлы алаң саналады.

Түркі Агрофорумы аясында агроөнеркәсіп кешеніндегі экономикалық өзара тәуелділікті кеңейтуге, оның ішінде мүше мемлекеттер мен бақылаушылар арасындағы өзара тиімді жобаларды іске асыруға, тауар алмасуға және инвестицияларды жұмылдыруға назар аударылады.