Ташкентте тұратын тұрақты тұрғындардың саны 3 миллионнан асты
Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Статистика агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Ташкент қаласындағы тұрақты тұратындар саны 3 миллион 20 мың 5 адамды құрады.
Оның 1 481 009-ы ерлер, 1 538 006-сы әйелдер.
Ташкент қаласы халқының саны 1960 жылы 1 миллион болса, 1985 жылы 2 миллионға жеткен.
Қазіргі таңда ел астанасында тұрып, оқып, жұмыс істейтіндердің саны 5 миллион.