Ташкентте Трансауған темір жол дәлізінің құрылысы бойынша үшжақты отырысы өтті
Ташкент қаласында «Термез – Мазари-Шариф – Қабул – Пешавар» темір жол құрылысы» жобасы бойынша жобалық кеңсенің кезекті үшжақты отырысы өтті.
«Өзбекстан темі ржолдары» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде «Термез – Мазари-Шариф – Қабул – Пешавар» темір жолының құрылысы Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан елдері үшін болашағы зор, экономикалық пайдасы зор жоба екені айтылған.
Осы бағытта жүк тасымалын қамтамасыз ету, теміржол арқылы Пәкістан порттарына шығуды қамтамасыз ету, тараптарға кең ауқымды транзиттік мүмкіндіктер жасап, елдердің экономикалық дамуына, темір жолының қарқынды дамуына үлес қосады.
Тараптар «Термез – Мазари-Шариф – Қабул – Пешавар» темір жолының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылап, жобаның техникалық-экономикалық негізін жасау аясында далалық экспедиция өткізу сияқты мәселелерді қарастырып, келесі орындалатын жұмыстарды келіскен.