Ташкентте ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кездеседі
Халықаралық терроризм мен есірткі бизнесі, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланбақ
Бүгін 7-ші қараша күні Ташкентте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің 47-ші отырысы өтеді.
Кезекті отырыста негізгі талқыланыр мәселе халықаралық терроризм, есірткі бизнесі, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайту, ТМД кеңістігіндегі этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың алдын алу бойынша бірлескен шараларды әзірлеу, көлік коммуникациялары мен экономика қауіпсіздігі жайында болмақ.
Сонымен қатар, Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік аясында Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен шешу мәселесі қаралып, Орталықтың 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын жариялайтын болады.
Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабары.