Ташкент қаласында ТМД бақылаушылары қызметін үйлестіру жөніндегі миссияның штабы жұмысын бастайды.
Орталық сайлау комиссиясында Өзбекстан Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атқару комитетінің сайлауды бақылау миссиясының өкілдерімен кездесу өтті.
ОСК мәліметінше, кездесуде сайлау заңнамасының жаңалықтары, Президент сайлауына дайындық және өткізу аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Сайлау кодексінің талаптары мен демократиялық қағидаттарға сай жүргізіліп жатқаны айтылды.
ТМД бақылаушыларының қызметін үйлестіру мақсатында миссияның штаб-пәтері Ташкентте жұмысын бастайды және бақылауларды ұйымдастыруға қатысты барлық іс-шараларды жүргізеді. Миссия штабының міндеттері сайлау барысы туралы материалдарды жинау, өңдеу және талдау, сайлау заңнамасына құқықтық сараптама жүргізу болып табылады.