Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ТМҰ-ға мүше елдердің Бас прокурорлары кеңесі өтті
18:41 / 2025-09-25

Ташкент қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Бас прокурорлары кеңесінің 4-отырысы өтті.

Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Бас прокурорлары, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысы қатысты. Отырыста Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысушыларға жолдаған құттықтау хаты оқылды.

Шарада мұндай форматтағы кездесулер мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуда, тәжірибе алмасуда және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруде маңызды алаң болып саналатыны атап өтілді.

Жиналыста негізгі назар аударылған мәселе прокуратура органдары қызметіне заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, цифрлық криминалистика саласын дамыту, тәжірибе алмасу және киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық әріптестікті күшейту болды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар декларация қабылдап, ынтымақтастықтың басым бағыттары мен құқықтық өзара іс-қимылды дамытуға қатысты келісімді бекітті.

ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Бас прокурорлары кеңесінің келесі, 5-отырысы Қазақстанда өтетін болды.