Ташкент облысындағы «Tashkent Pharma Park» инновациялық ғылыми-өндірістік фармацевтикалық кластері аумағында Фармацевтика техникалық университет ашылады.
Бұл жөнінде Үкіметтің «Tashkent Pharma Park» инновациялық ғылыми-өндірістік фармацевтикалық кластерінде Фармацевтикалық техникалық университетінің қызметін жолға қою туралы» қаулысының жобасы талқылауға жарияланды.
Осыған байланысты оның қызметін Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту агенттігі үйлестіретін болады.
Университет 2022/2023 оқу жылынан студенттерді қабылдау және оқу үдерісін бастау үшін жаңадан салынып жатқан Ташкент вакцина және сарысу ғылыми-зерттеу институты аумағында уақытша қызмет көрсететін болады.
Атаулы білім ордасында дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен медициналық техника өндірісі, фармацевтика, биотехнология, медицина, косметология, менеджмент, іскери әкімшілік және басқа салалар бойынша халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес білікті кадрлар даярлау көзделген.