French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте өтетін халықаралық конференцияға қатысушылар белгілі болды
13:22 / 2022-07-25

2022 жылдың 25-26 шілде күндері Ташкентте «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, атаулы конференцияға Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Иран, Италия, Испания, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Норвегия, Пәкістан, Ресей, АҚШ, Түркия, Жапония және басқа да елдердің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдері, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тиісті мекемелердің басшылары, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының өкілдері, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ алғаш рет Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттаки бастаған Ауғанстан Уақытша үкіметінің делегациясы - жалпы 100-ге жуық өкіл қатысады деп күтілуде.