Ташкентте тай бокстан Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті
Ташкент қаласындағы «Юнусабад» спорт кешенінде тай бокстан Азия чемпионаты басталды.
Байрақты бәсекеге 12 елден келген, жасы 8-ден 40-қа дейінгі шамамен 900 спортшы жеңіс үшін бағын сынамақ.
Бүгін чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Рәсімде Азия және Өзбекстан тай бокс федерацияларының өкілдері сөз сөйлеп, атаулы спорттың көпшілік арасында кеңінен таралып, танымал болып келе жатқанын сөз болды.
[gallery-26217]
Чемпионат бәсекелері 15 қарашаға дейін жалғасады.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА