Ташкентте «Tashkent Flower Fest» фестивалі өтеді
6-8 мамырда Ташкент қаласындағы Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапхана жанындағы алаңда «Tashkent Flower Fest» фестивалі өтеді.
Қала әкімшілігінің қолдауымен өтетін фестиваль «Ташкент сені жақсы көреді» ұранымен ұйымдастырылуда. Бұл шараны безендіру үшін 2 миллионнан астам түрлі-түсті гүлдер пайдаланыланылмақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алаңда алып ағаштар – жапон сакурасы, мадагаскар баобабы және өзбек шынар ағашының жасанды нұсқасы толық көлемде көрсетіледі, сондай-ақ «Жаңа Өзбекстан» саябағында стела тәріздес мұнара бой көтереді.
Фестиваль аймағының аумағында балаларға арналған ойын-сауық орындары, фуд-корт, көптеген фото және селфи орындары ұйымдастырылады. Сондай-ақ үйдегі және ландшафт өсімдіктері мен сыртқы жиһаздар көрмесі өтеді деп күтілуде.