English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте спорттық гимнастикадан «World Challenge Cup» турнирі басталды
13:40 / 2025-06-19

Өзбекстан тарихында тұңғыш рет спорттық гимнастикадан ең беделді халықаралық жарыстардың бірі — Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) қамқорлығындағы «World Challenge Cup» жарысының кезеңі Ташкент қаласында өтуде.

Байрақты додаға Алжир, Армения, Болгария, Хорватия, Германия, Гонконг, Исландия, Оңтүстік Африка, Қытай Тайбэйі, Түркия, Украина, Қазақстан және Өзбекстаннан келген 65 үздік гимнаст қатысуда.

[gallery-23954]

Өзбекстан намысын бұл беделді жарыста Оксана Чусовитина, Солиха Турсунбоева, Шахинабону Юсупова, Одинахон Робижонова, Хумоюн Исломов, Алишер Бойсаров, Равшан Комилжонов, Озотилла Абдурасулов, Ахрорхон Темирхонов және Абдулазиз Мирвалиев сынды дарынды спортшылар қорғайды.

Әлем кубогының Ташкентте өтуі – ел спорт қауымдастығы үшін үлкен оқиға ғана емес, сонымен қатар республикада спорттық гимнастиканы дамыту жолында маңызды қадам болмақ.

«World Challenge Cup» жарысы 21 маусымға дейін жалғасады.

суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА