Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте соңғы 50 жылдағы ең суық температура тіркелді
12:29 / 2023-01-14

2023 жыл 13 қаңтарда Ташкент қаласында -19,8 градус суық тіркелді. Бұл көрсеткіш Өзбекстан астанасындағы соңғы жарты ғасырдағы ең суық температура.

«Узгидромет» ақпарат қызметінің хабарлауынша, бұған дейін 2007-2008 жылдың қыс айларында Ташкентте ең төменгі температура -17,4 градусқа дейін төмендеген. Қазіргі суық антициклон 2008 жылдың қысындағы антициклоннан күшті.

Республика бойынша ең төмен температура Қарақалпақстанда тіркелген болып, ол өткен ғасырдың 70-жылдарында ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеген.

Гидрометеорология орталығы антициклонның күші біраз бәсеңдеп, Өзбекстан алдағы апталарға дейін оның ықпалында болатынын хабарлады.