Ташкентте ШЫҰ-ның бірқатар маңызды шаралары өтеді
Өзбекстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) төрағалығы аясында үш іс-шара өтуі жоспарланған.
Ташкент қаласында осы аптада мына маңызды шаралары өтеді:
- 7 маусымда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер дәстүрлі медицина форумы,
- 7-8 маусымда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің кеңесі,
- 9-10 маусымда ШЫҰ Жастар кеңесінің отырысы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан 2021-2022 жылдары ШЫҰ-ға төрағалық етуде. Ұйымның келесі саммиті қыркүйекте Самарқандта өтеді.