Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ШЫҰ мен ТМД терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бойынша конференциясы өтуде
10:02 / 2024-09-04

Ташкент тағы бір мәрте беделді іс-шара – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Өңірлік антитеррор құрылымының (ӨАТҚ) X халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі екінші конференциясының қатысушыларын қабылдауда.

Конференцияның ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің форумға қатысушыларға жолдауы оқылып, тыңдалды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, ШЫҰ және ТМД сияқты беделді өңірлік ұйымдармен бірлесе отырып, осындай маңызды халықаралық форумның ұйымдастырылуы кең өңірімізде бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіндегі практикалық ынтымақтастықты дамытуға деген ортақ ұмтылысты тағы бір рет көрсетеді. 

«Шығыс-Антитеррор - 2024» бірлескен антитеррорлық жаттығулары практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және қауіпсіздік қатерлеріне қарсы күресте арнайы бөлімшелердің әлеуетін арттыруға қызмет етеді.

Сонымен қатар, жолдауда геосаяси шиеленіс пен қақтығыстардың күшеюі, қауіпсіздік жөніндегі жаһандық институттардың рөлінің төмендеуі терроризм мен экстремизмге қарсы күресте ашық және тиімді халықаралық ынтымақтастықты дамытуға кері әсерін тигізіп жатқаны атап өтілген.

Мемлекет басшысы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сондай-ақ ШЫҰ АТҚ және ТМД Антитеррор орталығының қызметі аясында мұндай қатерлердің алдын алу және оларға жедел жауап қайтаруда халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен практикалық іс-шараларды жүзеге асыруды маңызды міндеттер ретінде айқындады.

ӨзА