15 шілдеде Өзбекстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өнеркәсіп министрлерінің отырысы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіп саясаты жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді.
Өзбекстан СІМ мәліметінше, атаулы шараға Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан өнеркәсіп министрлері, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қытай өнеркәсіп министрлерінің орынбасарлары, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары Ильхомжон Нематов, сондай-ақ Ресей және Қазақстанның іскер топ өкілдері қатысады.
Кездесуге қатысушылар ШЫҰ және ТМД аясында өнеркәсіпті дамыту, кооперация негізінде өнеркәсіптік өндіріс көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз ету, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа технологияларды енгізу, материалдар тарту бойынша ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға және қаржылық ресурстар, еңбек өнімділігін арттыру, өнеркәсіп өнімдерін әртараптандыру мен кеңейту мәселелерін талқылайды.
Отырыстар барысында ШЫҰ мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар маңызды құжаттар бекітіледі деп күтілуде.
Атап айтқанда, Шанхай ұйымына мүше мемлекеттердің министрлері ШЫҰ елдерінің іскер топтары арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты ілгерілету бағдарламасының жобасын мақұлдады. Бұл құжат бекіту үшін Ұйымның Самарқанд саммитінің күн тәртібіне енгізіледі.
Бұл бағыттағы ынтымақтастық туралы құжат ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіп министрлерінің отырысында бекітіледі деп күтілуде.