Ташкентте ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті
Ташкентте ШЫҰ-ға мүше елдердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысы өтті
10-13 наурыз аралығында өткен кездесуде, делегаттар Тәжікстан Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығына жоспарланған негізгі іс-шараларға дайындық мәселелерін талқылады.
ШЫҰ-ның 2021 жылға арналған негізгі іс-қимыл жоспары бекітілді. Құжат 150-ден астам тармақты қамтиды және Ұйым шеңберіндегі көп салалы байланыстың барлық салаларына арналған.
Отырыста делегаттар 2021 жылдың қыркүйек айында Душанбеде өтетін ШЫҰ саммитінде келісуге ұсынылатын құжаттардың жобалары туралы пікір алмасты.