Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің маңызды отырысы өтеді
10:35 / 2022-04-06

2022 жылдың 8 сәуір күні Ташкент қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және техника басшыларының алтыншы отырысы өтеді.

ӨР Инновациялық даму министрлігінің мәліметінше,  Өзбекстан тарапының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің ғылым мен технологияны дамытуға жауапты министрліктері мен ұйымдары басшыларының алтыншы отырысы өтеді.

Шара барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2022-2025 жылдарға арналған ғылым және технология саласындағы ынтымақтастығының жоспары талқыланады. Сонымен қатар, Өзбекстан тарапының бастамасымен күн тәртібіне қойылған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен бірлесіп, Жасанды интеллектті дамыту бағдарламасы және басқа да мәселелерде қаралмақ.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым мен техниканың дамуына жауапты министрліктері мен ұйымдары басшыларының кеңесі 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл шара ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ғылым мен техниканың өзара тиімді байланыстарын одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастықты орнату мен жетілдірудің тиімді алаңы болып табылады.