Ташкентте ШЫҰ-ға мүше елдердің ғылым және технология ведомстволары басшыларының кеңесі басталды
Ташкентте Өзбекстан төрағалығында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және технология министрліктері мен ведомстволары басшыларының алтыншы кеңесі басталды.
Dunyo ақпарат агенттігінің дерегінше, бүгінгі шарада Үндістанның ғылым және технология министрі Джитендра Сингх, Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, Қытай ғылым және технология министрі Ван Чжиган, Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Пәкістан ғылым және технологиялар министрлігінің федералды хатшысы Умере Амар, Ресей ғылым және технологиялар министрінің орынбасары Наталья Бочарова, Тәжікстанның білім және ғылым министрінің орынбасары Лутфия Абдухоликзода және Өзбекстанның инновациялық даму министрі Ибрагим Абдурахманов ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерін қарастыруда.
Отырысқа ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин қатысуда.