Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ШЫҰ-ға мүше елдердің Энергетика министрлерінің отырысы өтеді
11:45 / 2022-06-23

2022 жылдың 24 маусымында Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Энергетика министрлерінің екінші отырысы өтеді.

Өзбекстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында өтетін шараға Өзбекстан, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның Энергетика министрліктерінің басшылары Ұйым үшін осындай стратегиялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағын талқылайды. 

Кездесу қорытындысы бойынша Өзбекстан тарапы бастамашылық еткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық ынтымақтастығы тұжырымдамасын және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту күтілуде.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары алдағы Өзбекстанның энергетикалық форумы – UEF-2022 (23-24 маусым) қатысады.