Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің отырысы өтуде
13:29 / 2022-08-24

Бүгін, 24 тамызда Ташкент қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің отырысы өтуде.

Оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері қатысуда.

Атап айтқанда, қабылдаушы тарап Өзбекстан Қорғаныс министрі Бахадир Курбанов, қонақтар Тәжікстан Қорғаныс министрі Шерали Мырзо, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, Үндістан Қорғаныс министрі Раджнатх Сингх, Қазақстан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Қытайдың Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэ (онлайн режимде қатысуда.), Қырғызстанның Қорғаныс министрі Бақтыбек Бекболотов және Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Мухаммад Асиф қатысуда.

Кездесуге сондай-ақ құрметті қонақтар – Өзбекстан Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудов, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ МАТТ Атқару комитетінің директоры Руслан Мирзаев және ШЫҰ-дағы бақылаушы ел атынан өкіл ретінде Беларусь қорғаныс министрі Виктор Хренин шақырылған.