Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ШЫҰ елдері Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары бас қосады
18:46 / 2022-08-18

2022 жыл 19 тамызда Өзбекстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) төрағалығы аясында Ташкентте Ұйымға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 17-ші кеңесі өтеді.

Атаулы іс-шара Өзбекстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында өтіп жатыр және Самарқандта өтетін Мемлекет басшылары кеңесіне дайындықтың маңызды кезеңі болып табылады.

Отырысқа ШЫҰ-ға мүше және бақылаушы мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары, сондай-ақ ШЫҰ МАТТ Хатшылығы мен Атқару комитетінің өкілдері қатыспақ.

Күн тәртібіне сәйкес халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде терроризмге, экстремизмге, қару мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралатын болады.