Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ШЫҰ ақпараттық қауіпсіздік ғылыми-сарапшылық форумы өз жұмысын бастады
13:49 / 2022-09-06

Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы ақпараттық қауіпсіздік ғылыми-сарапшылық форумы өз жұмысын бастады.

Іс-шараны Президент жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігі және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетімен бірлесіп өткізуде.

«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, атаулы форум гибридтік форматта ұйымдастырылған болып, оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті министрліктері, ведомстволары, ғылыми-академиялық және аналитикалық топтан тұқратын 30-дан астам жетекші сарапшылар қатысуда.

Қатысушылардың беделді құрамы цифрландыру саласындағы соңғы тенденциялар мен жетістіктерді талқылауға, ШЫҰ кеңістігінде адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету контекстінде ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы қатерлерге қарсы күрестің ұлттық тәжірибесін ұсынуға мүмкіндік береді. 

Форумның күн тәртібі 3 тақырып бойынша сессияларға бөлінген: ақпаратты пайдалану аясын кеңейту – қазіргі қоғам дамуының маңызды факторы; ақпараттық-идеологиялық қатерлерге және мұндай қауіптерге қарсы тиімді шараларды әзірлеу; АКТ қарқынды дамуы жағдайында құпия ақпараттық инфрақұрылым объектілерін қорғау.