Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте шетелдік серіктестердің қатысуымен халықаралық IT академия ашылды
12:31 / 2023-03-25

Ташкент қаласында шетелдік серіктестердің қатысуымен халықаралық IT академия ашылды.

Өзбекстанда IT саласына инвестиция салу тек жергілікті кәсіпорындардың ғана емес, халықаралық компаниялардың да назарын аударуда. Соның тағы бір дәлелі – шетелдік әріптестердің қатысуымен тағы бір IT академияның ашылуы.

2021 жыл 8-14 қарашада IT-Park делегациясы Бангладеш Халық Республикасына сапары аясында Бангладештегі Америка халықаралық университетінде болып, онда Ташкентте халықаралық IT академиясын құру туралы бірлескен шешім қабылданған еді.

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында 23 наурызда IT-Park Ташкент филиалында «NEXTGEN ACADEMY» халықаралық IT академиясының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынд Цифрлық технологиялар вице-министрі Рустам Каримжонов ашып, өз сөзінде жиынға қатысушыларды «Цифрлық Өзбекстан – 2030» стратегиясымен таныстырды және құжат аясындағы жобалар мен алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды. Министрдің орынбасары Өзбекстанды аймақтық IT хабқа айналдыру және экспорт көлемін 1 миллиард долларға жеткізу міндеттерінің маңыздылығына, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығына айтып берді.