Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте шахматтан халықаралық турнир басталды
09:52 / 2024-03-29

ФОТОРЕПОРТАЖ

Ташкент қаласындағы Халықаралық шахмат академиясында Өзбекстанның тұңғыш гроссмейстері Георгий Азамовты еске алуға арналған шахматтан 17-ші халықаралық турнир басталды.

Турнир басталмас бұрын жарыстың ашылу салтанаты өтті.

[gallery-16631]

Жалпы жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнирге 19 елден 251 шахматшы қатысуда. Ойындар швейцариялық жүйе бойынша 10 турда өтеді. 2000 және одан жоғары рейтингі бар қатысушылар «А» тобына, ал 1999 және одан төмен ұпай жинағандар «В» тобынан орын алған.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 3 сәуірде белгілі болады.

суреттерді түсірген Мухаммад АМИН, ӨзА