Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымының II экономикалық форумы басталды
13:25 / 2022-08-16

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымының II экономикалық форумы өз жұмысын бастады.

"Узэкспоцентр" көрме орталығында өтіп жатқан форумға қатысушыларды Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев пен ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ерик Ашимов құттықтады.

Қатысушылар екі күн ішінде өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды, ШЫҰ кеңістігінде байланыстарды құрудың тиімді шараларын әзірлейді.

Форум бағдарламасында пленарлық отырыстар, панельдік сессиялар, екіжақты кездесулер, B2B жүздесулер орын алған.

Айта кету керек, форум тек үкіметаралық диалог орнатудың ғана емес, сонымен қатар іскер топтар мен кәсіпорындардың өкілдерінің өзара іс-қимылының, сондай-ақ ШЫҰ кеңістігінің аймақтарына инвесторларды тартудың тиімді алаңына айналуға арналған.

Еске салайық, бірінші форум 2021 жылғы 23-24 маусымда Душанбе қаласында (Тәжікстан) өткен еді.