Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің филиалы ашылады
13:55 / 2021-01-14

Ташкент қаласында Ресейдің Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің филиалы ашылады.

Өзбекстан Президентінің 12 қаңтардағы «Ташкент қаласында «Санкт-Петербург мемлекеттік университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі филиалын ашу туралы» қаулысы қабылданды.

Соған орай Ташкентте Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің филиалы ашылады. Атаулы білім орадасы бастапқы кезеңде үш бағытта - шығыс тілдерінің филологиясы, шығыс елдерінің этнографиясы және экономикасы және биомедицина бойынша мамандар даярлайды.

Жаңа оқу ордасында білім беру Ресей Федерациясының заңнамасына, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті бекіткен оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес орыс тілінде, кейіннен басқа тілдерде де жүргізіледі. 

Оқу процесі 2021/22 жылдан басталатын болып, мұнда мемлекеттік гранттар негізінде оқитын филиал түлектері республикалық мекемелерде кемінде үш жыл мерзімге міндетті жұмысқа орналастырылатын болады.

Филиал түлектеріне Өзбекстанда жоғары білім туралы құжат болып табылатын, университеттің нұсқалық дипломы беріледі.