21–22 сәуір күндері Орталық Азия халықаралық институты Лондондағы «Bourse & Bazaar» қорымен бірге Орталық Азия елдері мен Шығанақтағы Парсы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің жетекші сараптамалық орталықтары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.
Биылғы жылдың 5 мамырында Самарқанда өтетін Орталық Азия мен Парсы шығанағы араб елдері басшыларының екінші саммиті қарсаңында ұйымдастырылып жатқан бұл шара – ірі халықаралық жиынға сарапшылық деңгейде дайындықты талқылайтын маңызды алаң болмақ.
Форумда Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Сауд Арабиясы, Қатар, БАӘ, Оман сынды елдерден жетекші сараптамалық, дипломатиялық және академиялық мекемелердің 40-қа жуық танымал сарапшысы қатысады. Қатысушылар арасында ғылыми зерттеушілер, үкіметтік және тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, сондай-ақ серіктес университеттерден келген мамандар бар.
Кездесу барысында екі аймақ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланады. Атап айтқанда, көлік және өңірлік байланыс, энергетика, азық-түлік пен климаттық қауіпсіздік мәселелері күн тәртібінде болады.
Форум қорытындысында дипломатиялық корпус, ғылыми орта және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін баспасөз брифингінде сараптамалық пікірталастар барысында әзірленген негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар жария етіледі.