English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте С5 + 1 форматындағы кездесу өтті
15:30 / 2021-07-15

2021 жылдың 15 шілде күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық байланыс. Қауіптер мен мүмкіндіктер» атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференция аясында С5 + 1 диалогының кездесуі өтті.

СІМ мәліметінше, Орталық Азия елдері делегацияларының құрамына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев басшылық етіп, іс-шараға АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Элизабет Шервуд-Рэндалл қатысты.

Тараптар С5 + 1 форматындағы кездесуде ынтымақтастық мәселелерін талқыланып, халықаралық саясат және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасылды.