Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ретро автокөліктер маршы өтеді
11:39 / 2021-05-04

Ташкент қаласында 9 мамыр күні ретро автокөліктер маршы өтеді.

ӨР Қорғаныс министрлігі 9 мамыр - Еске алу және қадірлеу күніне орай ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Атап айтқанда, 4-7 мамыр күндері Ташкент көшелерінде соғыс дәуіріне тиісті ретро көліктердің шеруі және олардың халық көп шоғырланған аймақтарда аяладап, соғыс жылдарын бейнелейтін әскери ансамбльдер мен әскери оркестрлердің концерттік бағдарламаларын өткізу жоспарланған. Ретро көліктер маршы мен соғыс жылдарын бейнелейтін әскери ансамбльдің, әскери оркестрлердің концерттік бағдарламалары келесі мекен-жайларда өтеді:

4 мамыр – сағат 14.00ден 17.00ге дейін - Қорғаныс министрлігі, Мирза Ұлықбек саябағы - Хамид Алімжан ауданы - Динамо стадионы - Ирригация институты - Бодомзор қиылысы - «Жеңіс паркі». Аялдау мекені: Мирза Ұлықбек саябағы және Жеңіс саябағы;

5 мамыр - 10.00 - 15.00 - Қорғаныс министрлігі - Қарулы Күштер академиясы - Ташкент солтүстік вокзалы - Сіргелі базары - Қорғаныс министрлігі. Аялдамалар: Ташкент Солтүстік вокзалы, Сіргелі базары және «Ашхабад» саябағы;

6 мамыр - сағат 14.00ден 19.00ге дейін - Қорғаныс министрлігі - «ЭКО» базар - Ахмед Дониш көшесі, Мегапланета - Юнусабад көшесі Корзинка сауда орталығы - Қорғаныс министрлігі. Аялдамалар: «ЭКО» базар, Мегапланета және Корзинка сауда орталығы;

7 мамыр - 10.00 - 17.00 - Қорғаныс министрлігі - «Ташкент Сити» - Халықтар достығы өнер сарайы - Чиланзар диқан базары - Қорғаныс министрлігі Аялдамалар: «Ташкент сити», Халықтар достығы өнер сарайы және Чиланзар диқан базары.