Ташкентте Ресейдің жаңа оқу орны ашылады
Гранттар негізінде оқитын филиал түлектері республикалық мекемелерде кемінде бес жыл мерзімге міндетті жұмысқа орналастырылатын болады
Ташкентте «Санкт-Петербург мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының филиалын ашу жөнінде Мемлекет басшысының жарлық жобасы жарияланды.
Атаулы жоба Жоғары және арнайы орта білім министрлігі тарапынан жасалған болып, білім орадасы бастапқы кезеңде филиал үш бағытта - шығыс тілдерінің филологиясы, шығыс елдерінің этнографиясы және экономикасы және биомедицина бойынша мамандар даярлайды.
Сонымен қатар филиал кадрлардың қажеттілігін, оның ішінде ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауды ескере отырып, білім берудің келісілген негізгі бағыттары (мамандықтары) бойынша барлық деңгейдегі мамандарды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады.
Жаңа оқу ордасында білім беру Ресей Федерациясының заңнамасына, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті бекіткен оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес орыс тілінде жүргізіледі
Филиалдың қызметі Өзбекстан Республикасының заңнамасына және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және мемлекеттік гранттар негізінде оқитын филиал түлектері республикалық мекемелерде кемінде бес жыл мерзімге міндетті жұмысқа орналастырылатын болады.
Өзбекстан Республикасының Жоғары және арнайы орта білім министрлігіне және ЖОО-ның талаптық өтінішіне сай Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігіне филиалдың жұмысын жанандыруға атсалысатын шетелдік мамандарды елге тартуға белгіленген тәртіпте рұқсат беру (ұзарту), сондай-ақ шетелдік азаматтардың Өзбекстан Республикасында жұмыс істеу құқығын растайтын құжаттар дайындауды қамтамасыз ету жүктетілген.