Ташкент қаласында жалпы құны 225 млн сумды құрайтын темекі өнімі тәркіленді.
Ташкент қаласы Кеден басқармасының Контрабандаға қарсы күрес және кедендік аудит басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметі және құқық қорғау органдарымен бірлесіп темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған бірқатар жедел іс-шараларды жүргізді.
Жедел шара аясында Ташкент қаласының «Мирабад» ауданында Hyundai көлігі тоқтатылып, белгiленген тәртiп бойынша тексеріс кезінде көлік жүк салғышында Өзбекстан Республикасына заңды түрде әкелiнгенiн растайтын құжат пен акциздік маркалардың таңбасы жоқ 225 млн сумдық 15 мың қорап шетелде өндiрiлген темекі өнімдері табылды.
Статистикаға сай, биыл Ташкент қалалық кеденшілер 314,8 миллион сумдық 19 990 қорап темекі өнімдерінің заңсыз айналымына тыйым салынды.
Қазір осы жағадай бойынша кеден органдары тарапынан тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.