Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Құран Кәрімнің әлемдегі ең үлкен қолжазбасы жасалды
09:34 / 2021-05-12

Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығы әлемдегі ең үлкен Құран Кәрімнің қолжазбасын қолмен көшіруді аяқтады. Оны Орталықтың қызметкері және Ташкент Ислам институтының түлегі Наджмиддин Файози Нуриддин оглы 6 айда ішінде жазып біткен.

Бұл туралы орталық директоры Шоазим Мунавваров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Бұл қолжазба Байсунгур Мирзо әкесі сұлтан Шахрух Мирзоға арнайы көшірген Құран бетінің үлкейтілген көшірмесі.

Құран қолжазбасы Ислам өркениеті орталығының қызметкері және Ташкент Ислам институтының түлегі Наджмиддин Файози Нуриддин оглы 6 айда ішінде жазып біткен болып, оған арналған қағаз Жапониядан әкелінген. Ал бояулары Түркиядан алдырылып, қағаз беті өзбек алтынымен әрленген. Осынау қасиетті қолжазба Ислам өркениеті орталығындағы Осман Құранына арналған бөлмеден орын алған.

Қазіргі уақытта Ислам өркениеті орталығы Құран Кәрімнің әлемдегі ең үлкен қолжазбасын Гиннестің рекордтар кітабына енгізу туралы келіссөздерді жүргізуде.