Ташкентте қолөнер фестивалі өтеді
Ташкентте «YangiaMarket» ІІ-ші қолөнер фестивалі өтеді.
6-7 тамыз күндері Ташкент қаласындағы Мырза Ұлықбек атындағы демалыс саябағында қолөнершілер, суретшілер, гастро-әуесқойлар мен музыканттардың екінші «YangiaMarket» фестивалі өтеді.
Фестиваль Өзбекстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрлігінің қолдауы және EXPRESS 24 қызметімен бірлесіп ұйымдастырылуда.
«YangiaMarket» - бұл жаңа форматтағы бизнес, мәдениет және өнердің көптеген салаларының өкілдерін біріктіретін шара.
Екі күнге созылатын фестиваль бағдарламасында Samocean (Самара дуэті), DIOR (Мәскеу), Valeri (Ташкент), COC (Ташкент) сынды жергілікті және шетелдік жас шығармашылық топтар өздерінің музыкалық қойылымдарын ұсынбақ.