2022 жыл 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Ташкенттегі «Узэкспомарказ» көрме орталығында «Craft Fair Uzbekistan» қолөнер бұйымдары мен технологияларының халықаралық жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке Өзбекстан Республикасы Президентінің «Қолөнер қызметін қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Туризм және мәдени мұра, Инвестиция және сыртқы сауда министрлігі, Республикалық «Қолөнер» қауымдастығы, Сауда-өнеркәсіп палатасы және Халық банкімен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.
Шараға Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Пәкістан елдерінен қолөнершілер қатысады деп күтілуде. Оған «Novica», «Wildberries» және «Alibaba», сондай-ақ «Joyda», «CraftmeetsDesign», «iHunar» сияқты халықаралық және жергілікті онлайн платформалар қатысуы жоспарланған.
Жәрмеңкеге қатысушылар кесте, қыш, мыс өнері, ағаш ою, кілем жасау, ұлттық маталар, миниатюра сынды ұлттық қолөнер бұйымдарының 20-дан астам көрмесін ұйымдастырады.
Бұл шараны өткізіден мақсат, Өзбекстанның қолөнер әлеуетін насихаттау және жергілікті қолөнершілердің өнімдерін экспорттауға көмектесу.