French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте қоғамдық көліктерде карантиндік талап күшейтіледі
14:46 / 2021-03-15

Ташкент қаласында жолаушылардан қоғамдық көлікті пайдалану кезіндегі карантиндік ережелерді бақылау тәртібі күшейтілді.

Қалалық көлік қызмет баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қоғамдық көліктерде COVID-19 вирусының және әртүрлі жұқпалы маусымдық инфекциялардың таралуын болдырмау мен жолаушылардың денсаулығын сақтау мақсатында «Тошшахартраншизмат» АҚ үнемі күшейтілген түрде бақылау шараларын жүргізеді.

  • жүргізушілердің дене қызуы үнемі бақыланады;
  • қоғамдық көлікті дезинфекциялау күшейтіледі;
  • медициналық бетпердесі жоқ жолаушыларға қоғамдық көліктерде жүруіне тыйым салынады.

«Жолаушылардан қоғамдық көлікті пайдалану кезінде белгіленген карантиндік талаптар мен санитарлық нормаларды қатаң сақтау талап етіледі» делінген хабарламада.