Ташкентте қоғамдық көліктегі жолақы бағасы қымбаттайды
Ташкент қаласының қоғамдық көліктерінде жаңа тарифтік жоспар енгізіледі.
Қалалық бас көлік басқармасының хабарлауынша, қоғамдық көлік билетінің бір реттік бағасы 2000 сумға, ал «Атто» көлік картасы арқылы төлейтін жолаушылар үшін 1600 сумға өзгереді.

Егер жолаушылар діттеген жеріне бір сағат ішінде бір көлік түрін екінші рет пайдаланса, билет үшін 400 сум төлейді.
Сондай-ақ, жолаушы бір сағат ішінде бір көлік түрінен белгілі бір бағытқа үшінші және төртінші рет пайдаланса жол жүруі тегін.