Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «Қазақстанның білім күндері» өтеді
14:06 / 2021-11-18

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстанның Өзбекстандағы дипломатиялық қызметтерінің қолдауымен Ташкентте «Қазақстандық білім күні» атты халықаралық білім көрмесін өткізеді.

28 қарашаға жоспарланған көрмеге Қазақстандағы «Nazarbayev University», КИМЭП университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және елдің 30-дан астам жетекші университеттері қатысады. 

Көрмеде сіз қазақстандық білім берудің артықшылықтары, шетелдіктерге арналған гранттар және Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері, сондай-ақ ҚР оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары туралы ақпартты біле аласыз.

Көрме 2021 жыл 28 қарашада Ташкент қаласындағы «Radisson BLU Hotel Tashkent» қонақ үйінің «Turquoise» конференц-залында сағат 10:00 - 18:00 (жергілікті уақыт) уақыт аралығында өтеді.

  • Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен жайға хабарласуға болады: baiturin_a@bolashak.gov.kz 

Алдын-ала келетініңіз жайлы айтып, мында тіркелу мүмкіндігі қарастырылған: