Ташкентте Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ташкент қаласындағы Халықаралық конгресс орталығында Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Президенттер Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев мінберге көтерілді. Өзбекстан мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.


Бірге суретке түсу рәсімінен кейін Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөздер өткізуге арналған залға қарай жол алды.