French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су мәселесі талқыланды
10:33 / 2022-02-10

2022 жыл 9 ақпан күні Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су  жағдайын жақсарту бойынша бірлескен шаралар талқыланды.

Талқылау нәтижесінде Шардара су қоймасына құйылатын ағынды арттыру және мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы суды тұрақты беру бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қою мәселелері талқыланды. Тараптар осы келісім жобасы бойынша рәсімдерді жеделдетуге келісті.

Сондай-ақ, екі елдің Премьер-министрлері деңгейінде су қатынастары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі екі жақты комиссия құру мәселелері қаралды және Орталық Азия су-энергетикалық консорциумын құрумен қатар ГЭС құрылысына қатысу мәселелері бойынша консультациялар жүргізді.