Ташкентте пәтер жалдау бағасы төмендеді
Ташкент қаласында пәтерді жалға алу бағасы төмендеп келеді. 022 жылы пәтерді жалға алу бағасы өсіп, қазан айына қарай ең жоғары шегіне жеткен. Содан кейін төмендей бастағаны белгілі.
Интернеттегі OLX.uz деректер базасына сәйкес, сол кездегі қалада жөндеуден өткен пәтердің орташа жалдау ақысы 526 АҚШ долларын құраған.
2023 жылдың наурыз айында жалға алудың орташа бағасы ақпанмен салыстырғанда 2 пайызға төмендеп, 411 АҚШ долларын құрады. Жөндеуден өткен 2 бөлмелі үйді жалға алудың орташа бағасы 340 доллардан (Сіргелі) 460 долларға (Яккасарой) дейін, ал Ташкент қаласы бойынша орташа есеппен 411 долларға сәйкес келеді.
Барлық қолайлы жағдай жасалған 1 бөлмелі үйдің орташа жалдау ақысы 320, 4 бөлмелі үй үшін 600, 5 бөлмелі үй үшін 660 долларды құрауда.