Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Президент университеті ашылады.
Мемлекет басшысының Наманганға жасаған жұмыс сапары барысында облыстық халық депутаттары кеңесімен өткен сессияда сөйлеген сөзінде Ташкентте Президент университеттің құрылуы туралы да пікір білдірді.
- Алдағы уақытта Президент мектептермен қатар елде Президент университеті де ашылады. Ал, онда білім алғандар шетелге білім алу үшін емес, сол елдерге сабақ беру үшін барады. Келесі аптада біз осы жобаның негізін қалайтын боламыз. Біз әлемнің ең беделді университеттерінде сабақ беретін мұғалімдерді қаншалықты қымбат болса да, әкелеміз. Ол қаржы өзімізге қайтады. Бірақ менің балаларым бөтен елде мүсәпір болмайды. Сондықтан да біз осы университетті салуды шештік. Біз бұл білім ордасын құрарда Оксфордтан немесе Американдық университеттерден қалыспайтындай етіп саламыз, деді Президент Шавкат Мирзияев.